Батыс Қазақстанда граната табылып, жойылды
19:18, 10 Желтоқсан 2012
ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Орал қаласына қарасты Желаев кентіндегі мектеп жанында өлшеу жұмыстарын жүргізу кезінде арықтан гранатаға ұқсас зат табылған.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мамандардың анықтауынша, ол «Ф-1» гранатасы болып шыққан.
Сол күні облыстық ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің саперлері гранатаны аулаққа апарып, жойды.