Батыс Қазақстанда халық санағы 472 елді мекенді қамтымақ

None
ОРАЛ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында халық санағы ұйымшылдықпен өткізілетін болады.
Бұл туралы облыстық статистика департаментінің бастығы Абай Хамзин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, облыс көлемінде ұлттық халық санағын өткізуге жәрдемдесетін 14 комиссия құрылып, оған 300-ге жуық адам тартылған. Жалпы санақ 472 елді мекенді қамтитын болады. Соған орай көшелер, үйлердің нөмірі нақтыланып, алыс ауылдарға көлікпен жету жағы да ойластырылған. 63 санақ бөлімі, 2007 есеп учаскесі, санаққа қатысатын 2,5 мыңнан астам адам үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылған. Бұған қоса түсінік жұмыстары қатар жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету де алдын ала қолға алынды.