ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 696 төсектік 9 инфекциялық стационарда 463 адам жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде жұқпалы аурулар ауруханалары 66,5 пайызға толған.
Соның ішінде 25 адам жансақтау бөлімшесінде ем алуда.
Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 14 адам жатыр.
Облыста бір аптада 700 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.
Күні бүгін инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес аппаратқа 10, оттегі концентраторына 13, орталықтандырылған оттегі көзіне 118 адам қосылған.
Облыста қыркүйек айынан бері 670 бала коронавирус жұқтырса, соның 465-і биыл анықталған.
Өңірде індеттің өрши түсіп, эпидемиялық ахуалдың күрделеніп бара жатқаны облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында да айтылды. Осыған орай өңір басшысы карантин талаптарын күшейту қажеттігін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда төрт күнде 430 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).