Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 103,2 пайызды құрады

ОРАЛ. 21 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қазанда инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы он айда азық-түлік тауарларының бағасы 3,4 пайызға өсті. Еттің  бағасы 9,1, соның ішінде шошқа еті - 5,7, жылқы еті - 10,4, қой еті - 12,8, сиыр еті 14 пайызға  қымбаттады. Кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 3,9, қант - 6,1, ұн - 11,9, нан - 2,9,  макарон өнімдері  1,6 пайызға көтерілді. Есесіне көкөніс бағасы - 4,4, оның ішінде пияз - 6,1, қызылша - 7,4, қияр - 13,2, қызанақ   22,6 пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма  бағасы  16,3 пайызға түсті.