Батыс Қазақстанда Интернет қызметін пайдалану 41,5 пайызға өсіп отыр

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында электрлік байланыс кәсіпорындары биылғы сегіз айда 3690,2 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 5,8 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, әсіресе, Интернет қызметін пайдалану өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда 41,5 пайызға өсіп, 790,1 млн. теңгені құрады. Интернеттің тұрғындарға қызмет көлемі 47,1 пайызға, соның ішінде ауылдық жерде 82,0 пайызға артты.

Интернет жүйесі абоненттерінің саны 28,6 мың адамға жетіп, өткен жылғыдан 28,8 пайызға асып түсті. Әр он мың тұрғынға есептегенде 461-ден, ауылдық жерде 211-ден келеді.