ОРАЛ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда электрлік байланыс кәсіпорындары 2437,2 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 3,9 пайызға көп.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, сымсыз желі, спутниктік, кабельді инфрақұрылым арқылы бағдарламаларды тарату қызметі қарқынды дамуда. Олар 11,9 пайызға көбейіп, 103,7 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ ғаламтор қызметі 28,7 пайызға өсіп, 737,2 млн. теңгеге жетті.
Өңірдегі пошта және курьерлік кәсіпорындар 127,6 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 3,4 пайызға артық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).