ОРАЛ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айдағы инвестиция көлемі 68,9 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыдан 7,8 пайызға көп,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Инвестицияның 73,2 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 8,2 пайызы - көлік пен қойма, 5,6 пайызы - денсаулық сақтау, 4,6 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 1,6 пайызы ауыл шаруашылығы мен сауда саласына жұмсалып отыр.
Бөрлі ауданында жыл басынан бері 32,9 млрд. теңге инвестиция салынса, 15 млрд. теңге - Зеленов ауданы, 8,8 млрд. теңге Орал қаласының үлесіне тиеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).