ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды қауып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Бәйтерек ауданы Трекин ауылында 9 шілде күні кешке қарай болды.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бес жасар қыз Ресейден отбасымен осында тұратын атасына қыдырып келген. Атасымен бірге далаға шөп шабуға барған кезде итке таланып қалған. Ит атасынікі екен.
Ауыл әкімі Мәлік Сейтов қайғылы оқиғаның орын алғанын растады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыз оқиға орнында көз жұмды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөліктің мотоцикл мінген жасөспірімді қағып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).