ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қалың тұманға байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы БҚО филиалының мәліметі бойынша 3 ақпан күнгі жергілікті сағат 23.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (266-392 км, Подстепный ауылынан Жымпитыға дейін), Атырау-Орал (492-375 км, Оралдан Чапаевқа дейін) және Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан Ресей шекарасына дейін) күре жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Осыған байланысты облыстық ТЖД ескерту жарияланып, тұрғындарға хабарланып жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдардың жабылғанын, сондай-ақ 17 елді мекеннің электр жарығынсыз қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).