ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 28 желтоқсанда өңірдің кей жерлерінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.
Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында тағы да жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).