14:00, 27 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты тағы да жолдар жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты тағы да жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, көктайғақ пен жаңбырға байланысты жергілікті сағат 12.00-ден бастап облыстық маңызы бар Орал-Кирсанов, Жымпиты-Қаратөбе, Үлкен Шаған-Переметный жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, сақтық шараларының алынып жатқандығын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жаңбыр мен көктайғаққа байланысты жол жабылғанын жазған болатынбыз.