Батыс Қазақстанда кәсіби мерекелеріне орай көлік саласының үздік қызметкерлері марапатталды

None
ОРАЛ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Тамыз айының алғашқы жексенбісінде жыл сайын Көлік қызметкерлері күні атап өтіледі.

3 тамыз күні облыстық филармонияның концерт залында көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиналыс болды.

Залға темір жол, автомобиль, өзен және әуе көлігі мекемелерінің ардагерлері, озат қызметкерлер көп жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Шәпкенов жиналғандарға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтауын жеткізді.

«Кең байтақ Қазақстанымыздың гүлденіп дамуында көлік саласы қызметкерлерінің де үлесі зор. Бүгін осы залда отырған баршаңыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды жеңе отырып, асқан қажырлылық таныттыңыздар. Сіздерге үлкен алғыс айтамыз және еңбектеріңіз жана берсін!», - деді Серік Жамбылұлы.

Салтанатты жиналыста бір топ еңбек озаттары ұлықталды. Олардың ішінде З.Самаркина, М.Әбілхайыров, Б.Бустковскийге «Құрметті автожолшы» белгісі, «Тагра» ЖШС-ның директоры Ә.Табышевқа «Құрметті жолшы» белгісі, С.Ғұсмановқа «Құрметті теміржолшы» белгісі табыс етілді. Көлік саласының ардагері С.Ғалиев және М.Надточий сөз алып, әріптестерін төл мерекемен құттықтады. Салтанатты жиналыс соңы мерекелік концертке ұласты