ОРАЛ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биылғы 1 тамызға өңірдегі ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2515,0 млн. теңгені құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 45,3 млн. теңге - жалақы қарызы. Облыста биылғы жеті айда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім көлемі өткен жылғымен салыстырғанда, 0,3 пайызға көбейіп, 197,418 млрд. теңгеге жетті. Аталмыш салада жұмыс істейтін саны - 91038, бұл 4,6 пайызға артық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).