ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 17 сәуір күні өңірде жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Облыс орталығы Орал қаласында да дәл сондай ауа райы сақталып, желдің екпіні секундына 17 метрге жетпек. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
«Тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, төтенше жағдайларды болдырмау бағытында басқа да шаралар алынуда», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО ТЖ департаментінен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).