ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алдағы қысқа қажетті 987 мың тоннаның орнына 1039 мың тонна мал азығы дайындалды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, шөптің өнімділігі төмен болғанымен, жоспар асыра орындалды. Қала маңындағы және Зеленов, Жаңақала аудандарының шаруалары жоғары өнімділікке қол жеткізді. Мұнда әр гектарға 5 центнерден айналды. Ал Қазталов, Ақжайық аудандары көлемі жағынан алда болды.
Азықтық дақылдарды жинауға өңірдегі қуаңшылық әсер етті. Мәселен, құрамажемнен қажетті көлемнің 16 пайызы ғана әзірленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).