Батыс Қазақстанда кен орнында вагондар өртенді
17:21, 19 Тамыз 2020
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында кен орнында вагондар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 тамыз күні сағат 02.21-де Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев газконденсат кенішінде орын алды.
«БекЖол – Құрылыс» ЖШС-ның вагондары жанды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-ның 14 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Өрт салдарынан жеті вагон мен ондағы мүліктер отқа оранды.
Өрт сағат 04.49-да сөндірілді.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда газ жарылысынан жарақат алған әйелдің қайтыс болғанын жазған едік.