ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы Амангелді ауылында биылғы наурыздың 30-ында 85 жасында дүниеден озған Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловтың бейіті көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай мамырдың 8-інде бейіт басында арнайы жиын болып, оған қатысушылар Батыр рухына тағзым етті. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алдағы уақытта зират басына мәрмәр тастан С.Жақсығұловтың мүсіні орнатылатынын да жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).