ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде кинотеатрлардың, сондай-ақ театр, мәдени нысандардың жұмыс жасауына рұқсат етілді.
Ол үшін кинотеатрлар InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркеліп, барлық санитарлық талапты сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. Сол секілді театр, мәдени нысандарда жеке және топтық дайындықта бір мезгілде келушілер саны 30 адамнан, орындар саны 20 пайыздан аспауы керек.
Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты ұзартылып, сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады.
Қоғамдық көлік тоқтатылмайды, яғни Оралда жексенбі күні де жүретін болды. Ал сауда үйлері және жабық базарлар тек жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Басқа шектеу іс-шаралары сақталады.
Еске сала кетсек, Оралда жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Сондай-ақ БҚО аудандарында коронавирусқа қарсы екпе жасала бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).