ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша инфляция 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы 2,6 пайызға өсті.
Еттің бағасы 8,3, соның ішінде шошқа еті - 4,6, жылқы еті - 9,6, қой еті - 11,5, сиыр еті 12,6 пайызға қымбаттады. Кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 3,9, қант - 8,5, ұн - 5,7, макарон өнімдері 1,6 пайызға көтерілді.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көкөністер бағасы - 5,1, соның ішінде басты пияз - 6,1, қызылша - 7,4, қияр- 21,4, қызанақ 29,8 пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде май және тоңмай - 2,6, жұмыртқа және жарма 16,3 пайызға төмендеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).