ОРАЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - 20 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті осыған орай елді мекендерден алысқа шығудан бас тартуға шақыруда.
Өмірлік маңызы бар нысандардың үзіліссіз қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар қолға алынуда. Электр және байланыс желілері де бақылауда болмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).