Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км, Ақсай қаласынан Жымпиты ауылына дейін) жолында сағат 07.00-ден бастап көлік қозғалысы шектелді.

Жабылу себебі - көктайғақ, тұман.

Басқа бағыттарда жол ашық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірнеше бағытта жол жабық екендігін, синоптиктер ескерту жариялағанын жазған болатынбыз.