ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 1 қаңтар күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (266-392 км, Подстепныйдан Жымпиты ауылына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі - жолдың көрінбеуі, сулы қар, боран.
ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жариялап, аталған бағытта алысқа шықпау керектігін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қыстаққа кеткен бес адамның түгелдей табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).