Батыс Қазақстанда Конституция күніне арналған шаралар өтуде

ОРАЛ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 30 тамыз - Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтуде.

Облыстық ішкі саясат басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Оралда таэквондодан қаланың ашық біріншілігі мәреге жетсе, балалар аула клубтарында, мәдениет үйлерінде және басқа көпшілік орындарда Ата заңға арналған дөңгелек үстел, түрлі кештер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.

Негізгі шаралар 30 тамызға белгіленген. Бұл күні орталық Абай алаңында еңбек ұжымдарының салтанатты шеруі болып, өңір жұртшылығын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтайды. Күндіз, сондай-ақ кешкісін концерттік бағдарлама қойылып, ол отшашуға ұласпақ.