ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың 55,8 пайызы Орал қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, індет басталғаннан бері өңірде барлығы 11 650 науқас анықталса, соның 6 508-і облыс орталығының үлесіне тиеді.
Сырқаттанғандардың 6 179-ы - ауру белгісі бар адамдар.
Жыл басынан бері 2 429 адамнан (1514-і - ауру белгісі барлар) COVID-19 табылса, соның 1 335-і Оралда белгілі болды.
Сондай-ақ биыл Бәйтерек (415), Бөрлі (272), Ақжайық (107) аудандарында індет өрши түсіп отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).