БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда 31187 адам (83 пайыз) вакцинаның бірінші компонентін алды.
Соның ішінде 5718-і – медицина қызметкерлері, 4864-і – педагогтар, 2315-і – құқық қорғау, 18290-ы – басқа сала өкілдері.
Сондай-ақ 7674 адам вакцинаның ІІ компонентімен егілді.
Облысқа 23 сәуір күні 12400 доза (І компонент) жеткізілген болатын.
Оған қоса 25 сәуірде әкелінген 2 мың доза (1 мыңы – І, жартысы – ІІ компонент) отандық QAZVAС вакцинасын да тұрғындар қабылдауда. Бұдан 117 доза (11,7 пайыз) жұмсалды.
Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы түскен партиядан (13400 доза) 7112 адам (53 пайыз) бірінші компонентті алды. Айталық, 26 сәуірде – 2500, 27-сінде 2192 адам егілді. Яғни алдыңғы күндермен салыстырғанда, екпе алушылар қатары көбейді.
Облыста 30 медицина ұйымдарында егу кабинеттері демалыссыз жұмыс істеуде.
Жалпы, вакцинация басталғаннан бері облысқа 62700 (37550-і – І, 25150-і – ІІ компонент) доза вакцина жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір аптада 1200-ге жуық адамнан індет анықталғанын, 720 бала коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.