Батыс Қазақстанда коронавирустан тағы жеті адам жазылып шықты

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы жеті адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, бақылау сынамалары олардың коронавирустан емделгендігін көрсетті.

Олардың екеуі – Орал қаласының, тағы екеуі – Тасқала ауданының тұрғыны. Сондай-ақ бір-бірден Түркістан мен Маңғыстау облысынан, Теректі ауданынан бар.

Ауруханада қалған 145 науқас емдерін жалғастыруда.

Осылайша Батыс Қазақстанда сауығып шыққандар саны 72-ге жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы алты адамның емделіп шыққанын, облысқа Теңіз кен орнынан 1700-ден астам адамның келгенін жазған болатынбыз.