ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда көтерме сауда көлемі 59,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 16,8 пайызға асып түсті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, барлық тауар айналымының көлемі мемлекеттік емес саланың үлесіне тиесілі. Жеке кәсіпорындар 57,9 млрд. теңгенің (97,1%), басқа елдердің заңды тұлғалары мен азаматтары 1,7 млрд. теңгенің (2,9%) көтерме тауарын өткізді.
Ірі және орта кәсіпорындар 12,4 млрд. теңгенің (20,8%), шағын кәсіпорындар 46,9 млрд. теңгенің (78,7%), жеке кәсіпкерлер 0,3 млрд. теңге нің (0,5%) тауарын сатты.
Жыл басынан бері өндірілген қазақстандық тауарлардың үлесі 10,3%-ды құрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).