ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бөлшек сауда айналымы өткен қаңтар айында 5,6 млрд. теңгені құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Базарлар мен жеке кәсіпкерлер 3,1 млрд. теңгенің бөлшек саудасын жасаса, сауда кәсіпорындарында мұның көлемі 2,5 млрд. теңгені құрады. Қаңтарда облыстың бір тұрғынына орта есеппен 9,1 мың теңгенің тауары сатылды.
Өңірдегі көтерме сауда көлемі 7,1 млрд. теңгеге жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).