Батыс Қазақстанда қуаттылығы жылына 2-5 млрд. текше метр газ өңдеу зауыты және 100 МВт газтурбиналы электр стансасының құрылысын бастау көзделіп отыр

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 2-5 млрд. текше метр газ өңдеу зауыты және 100 МВт газтурбиналы электр стансасының құрылысын бастау көзделіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес аталмыш жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және итальяндық «Эни С.п.А.» концернімен бірлесе отырып жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізілуде.

Жалпы, Елбасының тікелей тапсырмасымен облыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданған болатын. Соған сәйкес өңірде 271,5 млрд. теңгеге 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, соның тоғызы индустрияландыру картасына енгізілген.