Батыс Қазақстанда «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы барысында екі күнде 26 қылмыс тіркеліп, оның 25-і ізі суымай ашылды

None
ОРАЛ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы барысында екі күнде 26 қылмыс тіркеліп, оның 25-і ізі суымай ашылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұрын жасалған 6 қылмыс ашылып, іздестірілуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, 4 есірткі қылмысы анықталды. Сондай-ақ заңсыз сақталған 17 қару тәркіленді. Осы мерзімде 856 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Тамыздың 24-інде «Учужный» саяжай қоғамында 1971 жылғы С. деген азаматшаның үйінің ауласынан шұңқырға жасырылған полиэтиленді пакет табылды. Одан ИЖ-17 маркалы 12 калибрлі шолақ мылтық, ИЖ-27 маркалы қос ұңғылы мылтық, ИЖ-79-8 маркалы газды пистолет, оқ-дәрі және басқа құралдар табылды. 17 жасар М-ның бұл қару-жарақты өгей әкесінен ұрлап алып, досының үйінің ауласына жасырғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.