ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша, 14 қыркүйек күн облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Орал қаласында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетпек.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандар мен электр, байланыс жүйелерінің үздік қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар қолға алынуда.
Айта кетейік, ауа райының бұзылатыны жөнінде 10 қыркүйек күні де ескертілген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).