ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қыстаққа кеткен бес адам түгелдей табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінде болды.
27 желтоқсан күні сағат 15.00-де бес адам МТЗ-80 тракторымен Первомай ауылынан Шынқұдық қыстағын бетке алып, шығып кеткен.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 30 желтоқсан күні сағат 16.02-де жоғалғандардың екеуі Шынқұдық қыстағы маңынан табылды. Сондай-ақ сағат 20.48-де қалған үш адам Первомайдан 60 шақырым жердегі далалық жолдан табылды. Барлығы медициналық көмекті қажетсінбеді.
Олардың бәрі де «Ирида» шаруа қожалығының жалдамалы жұмысшылары болып шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір айлық мөлшердегі қар түскенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).