ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мал ұрлаумен айналысқан тағы бір қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Полициядепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған топқаоблыс аудандарында алты рет мал ұрлады деген айып тағылып отыр.
Соның ішінде Бәйтерек ауданында – екі, Бөрліде – үші, Тасқалада бір дерек тіркелген.
Барымташылар 13 бас малды (8 қой, 3 ірі қара, 2жылқы) қолды қылған. Ұсталғанкүдіктілер - Бәйтерек, Бөрлі және Ақжайық аудандарының тұрғындары.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабына (ұрлық) сәйкес тергеуамалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар үш тұрғыннан құралған тағы бір топтыңқылмысы әшкереленді. Бұлар Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарында 13 рет малұрлаған. Бұл қылмыстық істің тергелуі аяқталуға жақын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста 27 млнтеңгенің малын ұрлағандар сотталғанын жазғанболатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).