Батыс Қазақстанда мемлекеттік бюджетке 157,7 млрд. теңге салық түсті
12:34, 07 Қыркүйек 2009
ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің 1-іне дейін болжамдағы 148,3 миллиардтың орнына мемлекеттік бюджетке 157,7 млрд. теңге көлемінде салық пен өзге міндетті төлемдер аударылды.
Облыстық салық департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, болжам 106,4 пайызға орындалып отыр. Республикалық бюджетке 118,5 миллиардтың орнына 124,7 млрд. теңге түсіп, 105,2 пайызға орындалса, жергілікті қазынаға 29,8 миллиардтың орнына 33,0 млрд. теңге (110,9 пайыз) аударылды.