Батыс Қазақстанда мемлекеттік бюджетке 191,1 млрд. теңге салық жиналды
18:42, 04 Қараша 2009
ОРАЛ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда мемлекеттік бюджетке 191,1 млрд. теңге салық және өзге де міндетті төлемдер аударылды.
БҚО бойынша салық департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, болжам ( 174,9 млрд. теңге ) 109,3 пайызға орындалды. Соның ішінде республикалық қазынаға 137,9 миллиардтың орнына 149,5 млрд. теңге түсіп, болжам 108,4 пайызға орындалды. Ал жергілікті бюджетке аударылған салық 37 миллиардтың орнына 41,6 млрд. теңгеге жетіп, орындалу көрсеткіші 112,6 пайызды құрады.