Батыс Қазақстанда металлургия мен машина жасау саласында өнім көлемі бірнеше есеге өсіп отыр

None
ОРАЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда машина жасау саласында 4043,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді,

бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 269,0 пайызды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Сондай-ақ жыл басынан бері металлургия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1586,2 млн. теңгеге жетіп, 734,6 пайызға жетті. Өткен жылы бес айда 3029 тонна тұрба, 1971 тонна профнастил, 4762 тонна ұнтақ шар шығарылса, биыл бұл көрсеткіш сәйкесінше 6963 тонна, 2600 тонна және 5365 тоннаға жетті.

Бес айда 60,6 млн. теңгенің тоқыма бұйымдары шығарылып, өткен жылғыдан 52,5 пайызға артты.