ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 29 маусым күні найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша өңірдің кей жерлерінде ертең сондай-ақ солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Орал қаласында да найзағай жарқылдайды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті шаралардың қолға алынып жатқанын хабарлады.
Оралда бүгін бұршақ аралас жаңбыр құйып, найзағай ойнап, күн күркіреді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).