Батыс Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді
13:25, 19 Тамыз 2010
ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО аумағында «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес тамыздың 19-21-і аралығында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ауа райының өзгеретіні жөнінде тиісті мекемелерге алдын ала ескертілді. Өмірлік маңызы зор нысандар, электр мен байланыс желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.