ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 17 қыркүйек күні өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонымен қатар бұршақ жаууы ықтимал.
Орал қаласында да осындай ауа райы сақталып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ескерту жариялады. Өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынуда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).