Батыс Қазақстанда «нұротандықтар» қатары көбейіп отыр

None
ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «нұротандықтар» қатары көбейіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы төрағасы болып табылатын «Нұр Отан» ХДП партиясының ел ішіндегі ролі ерекше. Үкімет қабылдаған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалап, еліміздің жан-жақты дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген партия бүгінде қанатын кеңге жайған. Соның бір көрінісі «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің саны күн өткен сайын арта түсуде. Қазірдің өзінде республика бойынша 790 мыңдай мүшесі бар партия еліміздің түкпір-түкпірінде өзінің бастауыш ұйымдарын құрып, сол арқылы жұмысын өрістетуде. Осындай партия ұйымы «Қазпошта» АҚ БҚО филиалында да құрылды. Аталмыш мекемеде ұйымдастырылған жиналысқа қатысқан «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков пен «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Людмила Тенишева жиналғандар алдында сөз сөйлеп, партия жұмысының маңызына тоқталды.

Жиын барысында «Қазпошта» АҚ БҚОФ директоры Мағал Бекмағамбетов бастаған жиырмадан астам адам партия мүшелігіне өтті. Бастауыш партия ұйымы мүшелерін Абат Шыныбеков құттықтап, арнайы куәлік табыс етті. Мекеме басшысының ұсынысымен бастауыш партия ұйымының жетекшісі болып аталмыш ұжымның қызметкері Төлеген Бекмамбетов сайланды.