Қараөзен ауылында тұратын 11 жастағы бала бүгін сағат 11-лер шамасында мектептен үйіне қайтып келе жатқан. Құдықтың бетін қар жауып қалғандықтан, оның ашық болғанын байқамаған. Оны құдықтан аула сыпырушы мен маңайда өтіп бара жатқан ер адам алып шыққан.
Үсті-басы су болған оқушы оқиға болған жерден бір шақырым қашықтықта орналасқан үйіне жаяу қайтқан. Үйінен оны тоңазу белгілерімен орталық аудандық ауруханасына алып кеткен. Баланың денсаулық жағдайы анықталуда.
Жергілікті тұрғындар ауылдарды сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша салынған құдықтың қоршалмағанына наразы. Оның адам көп жүретін жерде - мектеп пен мәдениет сарайының арасында орналасқанын айта кеткен жөн.