Батыс Қазақстанда оқушыларды бопсалап келген колледж жастары сотталды

Фото: None
ОРАЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданында жергілікті колледждің екі қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеу бірнеше ай бойы мектеп оқушыларын бопсалап келген. Қоқан-лоқы көрсету арқылы олардың әрқайсысынан 500 теңгеден алып отырған.

Шыңғырлау аудандық соты колледж жастарына қатысты үш жыл бас бостандығынан шектеу үкімін шығарды.