Батыс Қазақстанда он күнде 17,6 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 10-20 мамыр аралығында өткізілген «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында 17 млн. 646 мың теңге әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған дейін төленбеген әкімшілік айыппұл көлемі 133 млн. теңгеден асқан болатын.

Он күн ішінде  сондай-ақ «Ураган» жылжымалы және стационарлық кешендерімен 317 көлік құралы тоқтатылды. Олардың иелерінің жалпы бережағы 20,3 млн. теңгеден асса, соның ішінде 4 млн. 735 мың теңгесі әкімшілік айыппұл еді.