Батыс Қазақстанда орташа жалақы 70 мың теңгеге жуықтады
13:53, 20 Желтоқсан 2009
ОРАЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 69728 теңгеге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Ірі және орта кәсіпорындарда көрсеткіш одан да жоғары - 74188 теңге. Өңірдегі ең жоғары жалақы құрылыс саласында - 153934 теңге. Жылжымалы мүлікпен жұмыс, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде - 128189 теңге, өнеркәсіпте - 99222 теңге. Ең төменгі еңбекақы білім беруде - 33465, ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында - 35102 және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында - 42503 теңге.