ОРАЛ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 28-30 наурыз аралығында жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,
сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту мақсатында «Отбасы - негізгі қамқоршы» жедел-алдын алу шаралары өткізілуде.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен білім ордаларында оқушылар үшін, мекеме-ұйымдарда ата-аналар үшін кездесу-әңгімелер, «дөңгелек үстелдер», дәрістер ұйымдастырылады. Мұнда отбасы институтын нығайту басты тақырып өзегі болмақ. БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлесіп ішкі істер органдарында есепте тұратын жасөспірімдер мен олардың ата-аналары үшін арнайы бейнеролик көрсетілмек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).