Батыс Қазақстанда өткен жылы 29 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді
11:56, 22 Қаңтар 2011
ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2010 жылы 29 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 17-сі «Жол картасына» сәйкес ретке келтірілді. Екі мәдениет нысанын (біреуі «Жол картасы» бойынша) күрделі және ағымдағы жөндеу жалғасуда.
Мәдениет саласының нақтыланған бюджеті өткен жылы 3,6 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі кезде өңірде қос театр, 267 мәдениет үйі мен клуб, 407 кітапхана, 7 кинотеатр, 9 музей, 64 киноқондырғы, көрме залы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы жұмыс жасайды.