ОРАЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Жаңа өмір ауылы маңында 18 ақпан күні Барбастау өзені жағалауынан белгісіз адамның мүрдесі табылды.
БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оны қамыс шабуға барған ауыл тұрғындары тауып алып, аудандық ішкі істер бөліміне хабарлаған. Мүрденің астыңғы бөлігі өзенде қатып қалған. Оның жанынан «Нокия-2310» маркалы ұялы телефон табылған. Мәйіттің ұзындығы 165-170 сантиметр. Оның бетінің, кеуде бөлігінің, ішінің терісі, қолының саусақтары жоқ.
Мүрде өлімнің неден болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).