ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 13 ақпан күні сағат 21.10-нан бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (371-492 км, Орал қаласынан Чапаев ауылына дейін) күре жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Жабылу себебі – көктайғақ.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.
Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес 14 ақпан күні де өңірдің батысы мен солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз облыстың батысында бұрқасын соғуы мүмкін. Сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Орал қаласында да көктайғақ болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).