ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бұрқасынға байланысты республикалық жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 наурыз күні елорда уақытымен сағат 21.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-251 км, Ресей шекарасынан Оралға дейін), Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан Ресей шекарасына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Аталған жол бөліктерінде жел күшейіп, бұрқасын көтерілген. Соның салдарынан жолдың көрінуі нашарлаған.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал-Тасқала-РФ шекарасы трассасы әлі жабық тұрғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).