ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Сенат депутаттығына үш кандидат тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, ҚР Президентінің Жарлығымен биылғы Сенат депутаттарын сайлау 12 тамызға белгіленген болатын.
Күні бүгінге дейін облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев, «Орал гуманитарлық колледжі» ММ-ның қаржы директоры Ляззат Рысбекова, «Батыс су арнасы» ЖШС директорының орынбасары Ақылбек Аманғалиев ресми түрде тіркелді. Олардың бәрі де – Орал қаласының тұрғындары.
Тағы екі үміткердің тіркелетіндей мүмкіндік, уақыттары бар.
«23 шілдеде тіркеу аяқталып, содан кейін үгіт-насихат жұмыстары басталады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ғ.Қапақов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).